Шымкент: Құрылыс сапасы назарда!!!

2250
Adyrna.kz Telegram

Техникалық қадағалау мамандары құрылыс ұйымдарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы барлық белгіленген құрылыс талаптарын, оның ішінде орындалған жұмыстардың сапасы, мерзімі, құны, орындалған жұмыстарды қабылдау және пайдалануға берілуін қамтамасыз етеді.

Техникалық қадағалау мамандары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына ай сайынғы негізде объект құрылысының жай-күйі және барысы туралы есепті ұсынуға міндетті.

Қазіргі таңда, ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті тарапынан eQurylys бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілген. Қағаз құжат айналымы қысқартылған.

Ол жүйеде техникалық қадағалаушыларға цифрлық алаң ұсынылған, яғни электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен құжаттарды жүйеде толтырып, тапсыра алады.

Дегенмен, қызмет атақаратын техникалық қадағалаушылар өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамау салдарынан, құрылыстың сапасын, жай күйін бақылауда қиындықтар туғызуда.

Осы туындаған өзекті мәселелерді техникалық қадағалаушылардың назарына жеткізу мақсатында 2022 жылдың 25 сәуірінде қаладағы техникалық қадағалаушылардың қатысуымен Басқарма тарапынан жиын өткізілді.

Сонымен қатар жиында техникалық қадағалаушыларға ай сайынғы есепті eQurylys тапсыру бойынша аса көңіл бөлуді және сәулет-құрылыс саласындағы заңнамалары бойынша түсіндірмелер берілді.

Бұл үдеріс бақылауға алынып, әр айда есепті кезеңнен соң техникалық қадағалаушылармен жиналыстар өтікізіліп келеді.

eQurylys бірыңғай ақпараттық жүйесі туралы 8 (7252) 24-75-05 телефоны арқылы кеңес алуға болатынын назрларыңызға жеткіземіз.

 

Пікірлер