Ресей қазақтарының чаттарында Ресейдің Қарулы Күштерінде қызмет етіп, Украинадағы соғыста қаза тапқан қазақ сарбаздарының видеосы тарады деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы islamnews.ru басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, олар Қазақстанмен шекаралас Ресей өңірлерінде туып өскен және РФ ҚК-де қызмет еткен РФ азаматтары.
Видеода 36 сарбаз, 21 жастан 41 жасқа дейінгі сержанттар мен офицерлер туралы мәліметтер көрсетілген. Оларды 13-ші 150 мың қазақ тұратын Астрахан облысының тұрғындары.
Он бір әскери қызметші – Орынбор облысынан, екеуі – Омбы, Волгоград, Саратов, Қорған облыстарынан және біреуі Тюмень және Челябі облыстарынан.
Видеодағы тізім толық емес, онда 16 сәуірде минометтік оқтан қаза тапқан Омбы облысының қазағы Айтпай Мұсафиров жоқ. Сондай-ақ бірнеше адам тұтқында екені анықталды.
”Адырна” ұлттық порталы