ЕО-ның Украинадағы өкілдігі жұмысын қайта бастады. Дипломаттар Киевке оралды. Кеңсе дүйсенбіден бастап жұмыс істейді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
ЕО Киевке оралды! — деп әлеуметтік желілерде өкілдік хабарлады.
Еске салайық, Украинада соғыс қимылдары басталғанға дейін Еуроодақ делегациясы Киевтен Польшаның Жешов қаласына толығымен эвакуацияланған болатын.
Сондай-ақ өткен аптада Украинадағы Түркия елшілігі Киевтегі жұмысын толық құрамда қайта бастады.