Зеленский ЕО-ға қосылуға мүмкіндік беретін құжат алды

2879
Adyrna.kz Telegram
Фото: euronews кадрларынан
Фото: euronews кадрларынан

Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Киевке сапары барысында Владимир Зеленскийге ресми түрле сауалнамадан тұратын құжат табыстады. Оны Украина  ЕО-ға мүшелікке келіссөздерді бастау үшін толтыруы қажет. Ал Еурокомиссия тиісті қорытындыны жазда әзірлеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Euronews-ке сілтеме жасап.

Еуропалық дипломаттардың басшысы Жосеп Боррель ЕО Украинаға әскери қылмыстар туралы дәлелдер жинау және ұсынуға жеті миллион еуродан астам қаражат бөлгенін айтты. Бұл деректер Халықаралық қылмыстық сотқа жолданады. 

"Құрметті Владимир, бұл конверт - ЕО-ға мүше болуға маңызды кезең. Бұл сауалнама біздің алдағы апталардағы келіссөздеріміздің негізі. Осы жерден Еуропа мен Еуропалық одаққа баратын жол басталады. Тығыз жұмыс істесек, менің ойымша, бұл әдеттегідей бірнеше жыл емес, бірнеше апта ішінде жасалады. Бұл сізге, қымбатты Владимир", - деді Урсула фон дер Ляйен Украина президентіне құжаттарды беріп.

Зеленский жауапты бір апта ішінде дайындап беретіндеріне уәде берді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер