Еуропалық Одақ Украинаға қару-жарақ сатып алуға берілетін қаржыны тоқтатпайды және өз тарапынан да қару бермек. Бұл туралы Еуропарламент басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді.
24-ақпаннан бері Еуропалық Одақ елдері Украинаға қару беріп келеді. Бұл одақ тарихындағы алғашқы тәжірибе. ЕО Киевке 1 млрд доллар көлемінде қаржы бөлген болатын.
ЕО елдері сонымен қатар ресейлік энергия көздеріне балама іздеу үстінде. Катар, Иран елдерімен келісім жасауға тырысуда.
“Адырна” ұлттық порталы