Алматы облысының әкімі жаңадан құрылатын Жетісу облысы аумағында – 8, Алматы облысында 9 аудан болатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Stan.kz"-ке сілтеме жасап.
"Алматы облысын Жетісу және Алматы облыстарына бөлу қос аймақтың дамуында күшті серпілік береді. Құрылатын Жетісу облысы аумағынд 8 аудан және 352 елді мекені бар қала кіреді. Ал Алматы облысына 9 аудан және 380 елді мекені бар бір қала кіреді", – деді Бозымбаев.
Әкім президент бұйрығынан кейін әкімшілік-аумақтық жайластыру бойынша жұмыс комиссиясы құрылғанын мәлімдеді. Комиссия құрамына облыстық басқарма және аймақтық орган басшылары кірген.