Мәжіліс депутаттары Нұрлан Нығматулиннің төменгі палата төрағасы қызметінен кетуін күтіп отыр. Бұл туралы ҚазТАГқа сілтеме жасап "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.
«Мәжілістің жоспардан тыс отырысы болады. Нығматулин отставкаға кетеді деп күтілуде. Бізге оның орнына кім келетіні де айтылмады», - деді сейсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне Мәжіліс депутаттарының бірі.
Нығматулин 2016 жылдың маусымында Мәжіліс спикері болып тағайындалған еді.
"Адырна" ұлттық порталы