Алматыда кран құлап, бір адам мерт болды

2453
Adyrna.kz Telegram

Алматыда "Таугүл" ауданындағы құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі мен полиция департаменті мәлімдеді. Оқиға бүгін сағат 10.40-та боған.

Мердігер компания кран айдайтын адаммен бірге кран жалға алған. Нәтижесінде 49 жастағы қызметкер жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

"Құрылыс алаңындағы ақауға байланысты кран құлаған. Тергеу жүріп жатыр", - деді әкімдік өкілі.

Алматы қалалық полиция департаменті өкілі бұл дерек ҚК-нің 277-бабы 2-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін мәлімдеді.

"Бұл істі Әуезов аудандық Полиция басқармасы тергеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер