Алматының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

3766
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Атап айтсақ, ол 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Жаңа қаулыға сәйкес:

– спорт-сауықтыру орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге тек "жасыл" мәртебeci бар және коронавирустьқ инфекцияға қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға ғана рұқсат беріледі;

- "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарияльқ дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулысының 4 және 5 қосымшаларына сайкес өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асады;

- тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда, қызметкерлердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялануы жэне ревакцинациялануына қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналының және барлық меншіктің нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың кеңсе қызметкерлерінің кемінде 70% қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылады.

Оқыту форматында өзгерістер бар. Атап айтсақ:

мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта;

жалпы білім беретін мектептерде («қызыл» аймақ):

- 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) штаттық форматта;

- 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда — штаттық форматта;

- 600 оқушыдан жоғары — мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жуктемемен штаттық форматта;

- мектептен тыс ұйымдарда, қосымша білім ұйымдарында, балалар мен ересектерге арналған түзету орталықтарында штаттык форматта;

- жоғары оқу орындарында жане колледждерде («қызыл» аймақ) аралас форматта — практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, практика кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн өткізіледі.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер