Шымкентте өткен тәулікте коронавирустың 420 жағдайы тіркелді. Оның ішіндегі 172 адамда белгілері бар болса, 248-де белгілері жоқ. Індет жұқтырған 55 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 365 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 44%-ды құрайды, 434 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 349 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 122 төсек орын бар, 36 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 523 адам вакцина алды (I компонент- 190, II компонент- 333). Егу науқаны басталғалы барлығы 593 955 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 581 065 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 28 634 адам, II компонентін 11 463 адам қабылдады. Сондай-ақ, 58 025 адам ревакцинацияланды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі