30 жылдан кейін сотқа берді: Михаил Горбачевқа қатысты азаматтық іс қозғалды

1830
Adyrna.kz Telegram

Литвада 1991 жылы 13 қаңтарда кеңес әскерлерінің Вильнюстегі телеорталықты басып алуы кезінде 14 адам қаза тапқан оқиғаға байланысты КСРО-ның экс-президенті Михаил Горбачевқа қатысты азаматтық іс қозғалды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Вильнюстегі телеорталық шабуылынан қаза тапқандардың туыстары Вильнюс аудандық сотында азаматтық шағым түсірді.

Зардап шеккендердің бірінің ұлы Робертас Повилайтистің айтуынша, сот Литва радио-теледидар орталығы мен Вильнюс телемұнарасының шабуылына 30 жыл толуына орай 13 қаңтарға қараған түні берілген.

Айтуынша, олар КСРО-ның сол кездегі Президенті Горбачев КСРО Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы бола тұра, 1991 жылғы 11-13 қаңтарда армияны басқарғаны, бірақ оны орындамағаны туралы сотқа біраз дәлелдемелер жинаған.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер