Орденге Совет кезіндегі батырлардың есімі берілді. Президент тиісті заңға қол қойды

1028
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Қазинформ
Сурет: Қазинформ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың  «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңына түзетулер енгізілді.

Заңда «Айбын» орденінің дәрежелеріне даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған.

Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Пікірлер