Бірінші хатшы Назарбаев "президент" атанған күн

801
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың алғаш президент атанған күні, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

34 жыл бұрын (1990) Қазақ КСР-інің «Қазақ КСР Президенті қызметін бекіту және Конституцияға (Негізгі заң) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Президенті туралы» Жарлығы қабылданды.

1990 жылы 24 сәуірде жоғарғы Ке­ңес­те заң қабылдағаннан кейін, Прези­дентті сайлауда жасырын дауыс беруге қатысқан 335 депутат­тың 317-сі Н.Ә. Назарбаевты қол­дап, 18-і қарсы дауыс берді. Нәти­­­жесінде Н.Ә. Назарбаев Қа­зақ­­стан­ның тұңғыш президенті бо­лып сайланды. Н.Ә. Назарбаев­ты бұл жоғарғы лауазымдық қызметке Қазақ­стан Компартиясы Орталық Комитетінің 21-пленумы бірауыздан ұсынған болатын.

1990 ж. 20 қарашада қабылданған "Қазақ КСР-нда мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға сәйкес Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР жоғары атқарушы және өкімші билік басшысы болып тағайындалды.

1991 жылы өткен президент сайлауына кандидат ретінде Нұрсұлтан Назарбаев тіркелді. Сайлау кезінде ол 98,8% дауыс жинады.

Ресми президенттік тағайындаудан 28 жылдан соң 2019 жылы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтатқанын мәлімдеді.

Пікірлер