“Адырна” ұлттық порталының ютуб арнасында философ Әбдірашит Бәкір мен әл-Фараби ілімін өздігінен зерттеп жүрген кәсіпкер Ахметбек Нұрсила қазақ жерінен шыққан ұлы тұлға Әбу Нәсір әл-Фараби идеялары жайында пікір алмасады.
Әл-Фарабидың ұлты, тегінен бастап, ілімінің қыр-сырына тоқталған сарапшылар қазіргі қоғамда адамдардың философтың атын білгенмен, затын білмейтінін айтады.
Сарапшылардың айтуынша, мемлекетті қызметкерлерге ғұламаның «Қайырымды қала тұрғындары» трактатының идеясын көбірек үлгі етіп, санасына сіңіру керек. «Қайырымды қала» – ізгі мемлекеттің идеясы. Қазақ дүниетанымындағы өмір басты құндылық деген сарапшылар әл-Фараби ілімі әрекетшіл қоғамның негізі дегенге тоқталады.