“Короновирус қайта оралды“. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеме жасады

1752
Adyrna.kz Telegram
Фото: МАГАТЭ
Фото: МАГАТЭ

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы короновирустың қайта оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Короновирус қайта оралды. Жаңа штамм өте қауіпті. Ол бұрынғы иммунитеттерді айналып өте алады, деп Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мәлімдеме жасады.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ұйымы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (СЭБК) де жауап берді.

Елдегі және әлемдегі КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалға мониторинг жүргізу жалғасуда. Бүгінгі таңда республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы аптада тіркелген КВИ жағдайларының 9 %-ға төмендеуі байқалды. Сондай-ақ, вирустарды генетикалық зерттеуге мониторинг жүргізілуде. Республикадағы соңғы мониторинг қорытындысы бойынша Омикрон В2.86 (Пиррола) штаммының нұсқасы анықталмады, деп мәлімдеді СЭБК.

Пікірлер