ШЫМКЕНТТЕ «ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН» ІС-ШАРАЛАРЫ ӨТЕДІ

1610
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/a6f16246-a484-4531-ad46-5275bdb2c992.jpeg
Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралары өтеді. Бұл 17 қараша мен 17 желтоқсан аралығын қамтиды. Жоспар бойынша әр күнге өзіндік атаулар беріліп, атауларға сәйкес мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Жоспар негізгі 6 бағытқа бөлінді. Олар: • «Ұлттық құндылықтарды дамыту бағыты» - 15 іс-шара; • «Білімді жастарды қолдау бағыты» - 13; • «Мәдениет саласын дамыту» - 22; • «Кәсіпкерлік, туризм және цифрландыру бағыты» - 8; • «Азаматтарды әлеуметтік қолдау бағыты» - 7; • «Мерекеге орай ашылатын нысандар» - 31. Сонымен қатар, әр күннің өзіндік атауларын Тәуелсіздік жылдарымен байланыстыра отырып, республикалық және жергілікті БАҚ-та кеңінен насихаттау жүргізіледі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан айтты.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Comments