Ақын, диссидент Арон Атабек комадан шықты. Бұл туралы қоғам белсендісі, саясаткер Жасарал Қуанышалин өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
Қоғам белсендісі 15 минут бұрын телефон арқылы Аронның қарындасы Разиямен сөйлескенін айтты.
– Арон оянып, комадан шықты. Сөйлейді. Бірақ әлі әлсіз, сондықтан жасанды дем алу аппаратынан әзір айырған жоқ. Және Арон тағы да ұйықтап қалмауы үшін дәрігерлер оны жасанды комаға кіргізбейміз, – деген Аронның қарындасы Жасарал Қуанышалинге.
Белсенді Аронның жағдайында, бұл өте жақсы жаңалық екенін айтып, қуаныш ұзағынан болсын деген тілегін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Арон Атабектің денсаулығы нашарлап комаға түскені, жеке клиникада жатқаны хабарланған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
We need real results, high-speed Internet, and quality communication, not statistics covering the country
