Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Россия 1" телеарнасының эфирінде Владимир Путин бірнеше рет пайғамбарлық мәлімдемелер жасады деп хабарлады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.
- Президент мұндай пайғамбарлық мәлімдемелермен бірнеше рет сөз сөйледі. Мейлі ол ол қарусыздану, қауіпсіздік саласы, климаттың өзгеру саласы болсын, ол ешкімді қорқытқан жоқ. Президент кейде келешекті жақсы сипаттайды, - деді Песков.Сонымен қатар ол Путинді көпшілік тыңдамауы мүмкін екенін айтты. Бірақ, кейін олардың бәрі оның айтқандарының орын алып жатқанын түсінетінін атап өтті.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
“Marks of a rope were found on his body.” The brother of the officer who passed away in Zharkent shared his thoughts