Тайвань мен Қытай арасындағы қарым -қатынас соңғы 40 жылдан бері реттелмей келеді. Олар соңғы күндері болған оқиғаларға, атап айтқанда қытайлық ұшақтардың арал бойында жаппай ұшуына алаңдайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Тайвандық әскерилердің айтуынша, Пекин бірнеше жылдан кейін сәтті әскери шабуыл жасау күшіне ие болады.
Цю Гуожэн, Тайвань қорғаныс министрі:
«Біз ешқандай келеңсіздік тудыратын, арандатушылық әрекеттерді ұйымдастырғымыз келмейді. Егер біз оларды ренжітетін болсақ, олар, әрине, бізге кері жауап беру үшін барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. 2025 жылға қарай олар мықты әскер күшін жасақтайтын болады».
Америка басшылығы жағдайды реттеуге тырысып жүр. Джо Байден Пекинмен жағдайды тағы да талқылауға уәде берді. Ал Швейцарияда Америка мен Қытайдың қауіпсіздік кеңесшілерінің кездесуі жоспарланған.
Джо Байден, Америка Құрама Штаттарының президенті:
«Мен Си Цзиньпинмен Тайвань туралы сөйлестім. Біз келісімдерге құрметпен қарау керек деп келістік. Ашық түрде айтылды. Меніңше, келісімнен аттап өтетін дүниелерді іске асырмау қажет».
Екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Тайваньға француз сенаторларының делегациясы келді. Бұл қадам да Пекиннің наразылығын тудыруы мүмкін.
“Адырна” ұлттық порталы
About 20 flights were delayed. Astana airport was closed due to the emergency landing of the Swissair plane
Department of Almaty city regularly holds receptions of citizens to increase legal literacy of consumers
There is no information about the participation of citizens of Kazakhstan in the war in Ukraine - MFA