"Талибан" радикал қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған - авт.) Норвегияның Кабулдағы елшілігіне басып кірді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Tengrinews.kz” сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Норвегияның Ирандағы елшісі Сигвальд Хауге Twitter-дегі парақшасында мәлім етті. Дипломаттың айтуынша, қозғалыс өкілдері ғимаратты кейін қайтаруға уәде берген.
"Қазіргі уақытта тәліптер Норвегияның Кабулдағы елшілігіне кірді. Бізге оны кейін қайтарамыз дейді. Бірақ алдымен шарап бөтелкелерін сындырып, балалар кітаптарын жою керек. Шамасы, олар қаруды одан қауіпті емес деп санайды", - делінген хабарламада.Бұған дейін "Талибан" Ауғанстан уақытша үкіметінің құрамын жариялаған болатын.
Related news
Yerlan Karin: 71.7 percent of Kazakhstanis believe that our country is developing in the right direction