Қайтыс болғандар саны көбейе берсе бір күнде бір ауданды жоғалтамыз - МАМАН

3379
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/cb26d538-1619-4407-9dec-621692b1a8cc-960x500.jpeg?token=8d208ba597c3ed21b91c9cbb238442a3
Дәрігерлер вакцина індеттен 100% қорғамаса да, ауыр халге түсуден сақтайды дейді. Мамандардың айтуынша, қауіпті дерттің құрығына ілінгендер – екпе алмағандар, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
"Бүгінгі статистиканы қарасаңыз, Қазақстанда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония мен коронавирустан 149 адам қайтыс болды. Барлық науқас вакцина алмаған. Бұл дегеніміз тұтас 5 қабатты үйдің тұрғындары қайтыс болды деген сөз. Егер күнде қайтыс болғандар саны осылай өсе берсе, бір күнде бір ауылды, ауданды жоғалтамыз. Ол біреудің ата-анасы, біреудің баласы", - дейді инфекционист дәрігер Сәуле Атығаева.
Ал америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ екенін мәлімдеді.
"Бүгінгі таңда әлемде 4 миллиард түрлі доза вакцина салынған. Вакцинаның құр өзі СOVID-19-ды тудырмайтыны анық. Вакцина репродуктивті жүйенің қызметін бұзбайды. Сондай-ақ жаңа туған сәбиде түрлі ауру тудырмайды", - дейді Алмаз Шарман.
Сондықтан мамандар халықтың 80 пайызы вакциналанбайынша карантинді жеңілдетпеу керек деп санайды. Ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, үнемі жаңа толқындармен, жаңа індеттермен күресуге тура келетінін айтады.
Comments