Украинаның қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Данилов көпұлтты Ресейдің ыдырап кететінін мәлімдеді.
Данилов өз пікірін Ресей көп ұлтты ел екендігімен, барлық халықтар бір-бірінен бөлек өмір сүріп, тәуелсіз болу тиістігімен түсіндірді. "Ресей қазіргі қалыпты сақтап тұра алмайды. Ол ыдырап тынады" деді ол.
Данилов үнемі Ресей туралы күмәнді мәлімдемелер жасайды. Наурызда ол орыс тілінің қолданылуы Украинаның өміріне қауіп төндіретіндігін айтқан. Кейінірек Данилов Ресейді Қара теңізді «көл» еткісі келеді деп айыптады. Ол сонымен бірге Франция мен Германияны бірнеше рет Қырымның Ресейге өтіп кетуіне кінәлады.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Azerbaijan Airlines stated that “physical and technical obstacles” were the cause of the crash near Aktau
