Адам құқығы мен бостандығын, жалпы адам өмірін бәрінен жоғары қоятын халықпыз. Бұл ҚР Конституциясында тайға таңба басқандай анық көрсетілген. Қазақстан азаматтары мен азаматшаларының құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесі мемлекеттік билік өкілдері тарапынан қолға алынды. Осыған байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық тетігінің маңызды элементі - адам құқықтарының әртүрлі мемлекеттік органдар арқылы қорғалуы. Көрсетілген функциялар мен міндеттерді іске асыру үшін қажетті басқару органдары құрылады. "Адырна" ұлттық порталы кезекті мақаласында адам құқығын қорғайтын институттарға және олардың атқаратын функциясына, қоғамдағы маңызына тоқталмақ.
Қазақстандағы адам құқығын қорғаумен айналысатын мемлекеттік институттар:
-
- ҚР Парламенті;
- Адам құқықтары жөніндегі комиссия;
- Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық;
- Құқық қорғау органдары.
- мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті кез келген материалдарды, құжаттарды сұратуға;
- адам құқықтарын жаппай не өрескел бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік мекемелердің жұмысына тексеру жүргізуге;
- Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кез келген лауазымды адамдардан түсініктемелер алуға құқығы бар. Комиссия өз қызметінің нәтижелері бойынша адам құқықтарының сақталуы туралы жыл сайынғы баяндамаларды жасайды және оларды ҚР Президентіне жібереді. Сонымен қатар талқыланған мәселелер бойынша қорытындылар мен ұсынымдар қабылданады, олар осы мәселені шешу құзыретіне кіретін тиісті заңнамалық, атқарушы, сот және өзге де органдарға жіберіледі. Қажет болған жағдайда бұл туралы ақпарат ҚР Президентінің назарына жеткізіледі. Комиссия жұмысында елдегі адам құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ осы құқықтарға нұқсан келтіру фактілері туралы мәселелер маңызды орын алады.
- құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету;
- құқық бұзушылықтарды қадағалау мен бостандықтарды қорғау;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, еңбек ұжымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- қылмыстармен және өзге де құқық бұзушылықтармен күрес;
- барлық адресаттардың құқықтық нұсқамаларды сақтауын бақылау.