Достар, кеше еліміздегі автокөлік бағасына қатысты постым өздеріңізден зор қолдау тапты. Ол үшін бәріңізге рақмет! Онда мен 2019 жылы өз басымнан өткерген жағдай туралы баяндаған болатынмын. Сол постта мен келесі жазбаларымда Қазақстанда көп қолданылатын көліктерді Қазақстанға әкеліп, рәсімдеуге толық тоқталам деп уәде бергем. Енді соған кірісейін.
Негізінен, Еуразиялық Одақтан (Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан) тыс шет елдерден (АҚШ, Еуропа, ОАЭ, Корея, т.б) келетін көліктер маркасынан гөрі мынадай параметрлер бойынша рәсімделеді:
- Шыққан жылы. Яғни, көлік неғұрлым жаңа болса, оған төлер алым соғұрлым арзандау болады. Осыны ашып жазайын. Яғни, 2021 жылы шыққан автокөлік, осы жылы кірсе 1 жылдық болып есептеледі. Яғни, есептеу келесі 2022 жылдан емес, шыққан жылынан басталады. Мұны неге айтып отырмын. Біздегі көлікті алғашқы тіркеу алымы «первичная регистрация» осыған байланысты.
- Сырттан келген көлік рәсімделгенде қаралатын екінші параметр - оның қозғалтқышының көлемі (яғни ауызекі тілде «объемы»). Біздің сериялық жазбаларымыздың «қаһармандары» ҚР Экология министрлігі, біздің үкімет халықты тонауға (басқаша сөзім жоқ) «картбланш» беріп отырған «Оператор РОП» ЖШС (иә дұрыс оқып отырсыздар, Жауапкершілігі шектеулі серіктестік) секілді мекемелердің қос қолдарын ысқылап шыға келетіні осы тұс. Солар қойған талап бойынша, қозғалтқыш көлемі неғұрлым кішкентай, «көтерем» болса, соғұрлым аздау алым төлейсің.
Нұраддин САДЫҚОВ,
Тәуелсіз сарапшы