Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы (бұрынғы Горький атындағы саябақ) 1 мамыр, сенбіде дезинфекциялау жұмыстары жүргендіктен жабық болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«2021 жылдың 1 мамырында Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы санитарлық-дезинфекциялық тазалау үшін жабық болады», -деп хабарлады әкімшілік хабарламасында.Сонымен қатар, 1 және 2 мамырда қоғамдық көліктер Орталық мәдениет және демалыс саябағына қарай жүрмейді.
"1 және 2 мамырда Троллейбус желісі мен кабельдік желіде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты Гоголь көшесі бойымен батыс және шығыс бағытта - Калдаякова көшесінен ПКиО аялдамасына дейін троллейбус және автобус маршруттарына өзгеріс енеді", деп қалалық мобильділік кеңсесінің хабарламасында айтылған.
"Адырна" ұлттық порталы
(фото ашық Zagranitsa.com)
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
