Қазақстанда 2021 жылғы орташа зейнетақы көлемі белгілі болды. Биылғы 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 247 мың адамды құраған және орташа зейнетақы төлемі 100 163 теңге болды, деп жазды Stan.kz.
Қаңтар-наурыз айларында базалық зейнетақыны төлеуге республикалық бюджеттен 205,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 465,4 млрд теңге бағытталды. Атап айтқанда, наурыз айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,8 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 155,2 млрд теңге бағытталды. "2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 100 163 теңгені құрады", – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде. Қазақстанда 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, жеке тағайындалады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін ынтымақты жүйеде жинақталған еңбек өтілі де, сол күннен кейін де – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленгенRelated news
"Адырна" ұлттық порталы