Халқымыз ата тарихына ешқашан да бейжай қарамаған. Өткенді сергек байыптап, бүгінгіні сындарлы бағалап, болашаққа ойлы жоспар құра білген. Бұл – бағзы замандардан келе жатқан төл дәстүріміз. Ұлтымыздың «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деген нақылы бірыңғай тарихпен байланысты. Жеті ата дегеніңіз – қарапайым есеппен алғанда 200 жылдай уақыт. Яғни, осы уақыт мөлшеріндегі тарихты білу – әрбір азамат үшін сын. Отанды сүю отбасыдан демекші, тарихты білу әрбір білім беру ошағынан басталады.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамып ақпараттар ағыны заманында білім алушылардың тұлға ретіндегі өзіндік ой-пікірлерін калыптастырып, қабілетін, талантын дамыту барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінін басты міндеті болып табылады. Оку үдерісітік қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сәйкес инновациялык тәсілдерді енгізу, оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шыгармашылык жемісін талап етеді. Осыған орай кез-келген оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыкка, шығармашылыкка тәрбиелеуді жүзеге асыратын заманауи инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылу керек. Себебі мемлекеттік білім стандартына сәйкес оқу үдерісін үйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды, білім алушылардың білімін қадағалаудың инновациялық бақылау-өлшеу құралдарын енгізуді жүктейді. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы - оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қапыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.
Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттсрін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге және оқудың мақсатына жетуге тиімді, әрі нақты жол ашады. Болашақ маман иелерінің бойында білімділік, біліктілік, саналылық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіруде, яғни кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда жана технологияны қолданудың рөлі зор. Сонымен қатар технологияны тиімді пайдалана білу оқытушының шеберлігі мсн ісксрлігін және кәсіби құзыреттілігін шыңдауға әсерін тигізеді.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат ашады:
- педагогикалық қызмсттің өзекті мәселелерін білу;
- оку бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру;
- оку моделін құрастыру;
- оқу жобаларының мазмұнын анықтау;
- окушылардың жаңа материалды меңгеруіндс деңгейленген жаттығулар жасау;
Жаңа технологияны енгізу барысында оқытушы-профессорлардың зияткерлігі мен парасаттылығы, белсенділігі, шығармашылык ізденісі, шәкірттерінің білімін бағалауы шешуші рөл атқарады. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялык технологияларды атап көрсетуге болады:
- проблемаға бағытталған оқыту;
- топтық бағытталған оқыту;
- рөлдік ойындар;
- презентациялар;
- пікірсайыстар;
- сұрақ-жауап ойындары; іскерлік ойындар;
- мамандық саласына байланысты конференциялар
- көкейкесті мәселені талқылауға арналған онлайн, вебинарлық конференциялар.
Назерке МАРШАКҚЫЗЫ,
Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс студенті