Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында: "Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 14:10-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Видео конференция режимінде өтетін іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Президенттері қатысады деп жоспарланған", - деп жазды .
Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМД және ұйымды одан әрі дамыту тұжырымдамасы, оны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары, сонымен қатар, ТМД елдері Парламентаралық ынтымақтастықты арттыру және нығайту жайында пікір алмасады.
Сурет Ақорда
Related news
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.