Президент Тоқаев ТМД басшылары кеңесінің отырысына қатысады

3953
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/20151223_tokayev-800x480-1.jpg
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында: "Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 14:10-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Видео конференция режимінде өтетін іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Президенттері қатысады деп жоспарланған", - деп жазды . Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМД және ұйымды одан әрі дамыту тұжырымдамасы, оны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары, сонымен қатар, ТМД елдері Парламентаралық ынтымақтастықты арттыру және нығайту жайында пікір алмасады.  

Сурет Ақорда

评论