Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Балалар Евровидениесі - 2020 " финалының қатысушысы әрі жеңімпазы Қарақат Башанованы құттықтады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Президент Twitter желісіндегі парақшасында:
"Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді.
Оның өнері әлемнің әр түкпіріндегі миллиондаған көрерменге ұнады. Қарақатқа жаңа шығармашылық табыс тілеймін!", деп жазды.
Сурет интернет желісінен
Related news
"Those who have not been vaccinated will not be allowed to work": a new decree of the Chief Sanitary Inspector has been issued
