Қуандық Шамахайұлының қазасына қатысты алғашқы ақпарат шықты

6508
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/06/unnamed-8-960x500.jpg?token=786b13b020017e7a7be9bdd829df029a
Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы журналист-жазушы Қуандық Шамахайұлының қайтыс болуына қатысты алғашқы ақпарат тарады. SputnikNews.kz хабарлауынша, 1960 жылы туған  Қуандық Шамахайұлы 23 маусымда жедел жәрдем қызметімен COVID-19 деген күдікпен ауыр халде жеткізілген.  Дәрігерлер Қуандық Шамахайұлының диагнозын  қойған. Ол - ауыр дәрежедегі екіжақты полисегменталды пневмония. Ал емдеу шаралары клиникалық хаттама бойынша жүргізілген.  Емдеу кезінде науқастың жағдайы бірнеше рет нашарлаған. 29 маусымда жүрегі тоқтап қалған. Қазір өлімнің себебіне қатысты тергеу жүргізілуде. Туыстарына хабарланған. Еске сала кетейік, бұған дейін қаламгердің қайтыс болғандығы туралы хабарланбыз. Марқұмның жұбайы Айша Тұрмағанбетованың прокуратураға арыз жазатыны белгілі болып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

 
Comments