Белгілі қаламгер Қуандық Шамахайұлы дүниеден озды

7952
Adyrna.kz Telegram

Көптеген шығармаларымен және өткір ойларымен танымал тұлғаға айналған белгілі қаламгер, Нұр-Сұлтандағы Қаржы академиясы журналистика кафедрасының профессоры Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды деген суыт хабар таратылуда. Соңғы жазбасында  дәрігерлердің белгісіз дәрі бергенін, оларға күмәнданып отырғанын айтқан. Әзірге бұл жайға қатысты түсінік берілген жоқ.

"Астанадағы Бірінші клиникадағы КВИ 1-палатада емделіп жатырмын. Кешеден бері дәрігерлер ковид тексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім, сағат 2:00-де дәрігер мен медик жігіт келіп, қағазға қол қойдырды да кетті. Сәлден кейін медик жігіт келіп, аузыма бір ақ дәрі салды да су ішкізді. Менен басқасына бермеген. Не зат десем, вирустан сақтайды дейді. Қастандық шығар деп күмәндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Әрекеттері күмәнді. Ештеңе түсіндірмейді,"- деген жазба қалдырған.

"Адырна" ұлттық порталы марқұмның туған-туыстарына, дос-жарандарына, қазақстандықтарға қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Бақұл болыңыз, жақсы аға.

 

Пікірлер