Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында жазды.
"Құрметті достар! Сіздерге тек министр ретінде ғана емес, коронавирус эпидемиясына байланысты бүгінгі жағдайды уайымдайтын адам ретінде жазып отырмын. Әрқайсымыздың жеке жауапкершілігіміз болуы керек уақыт келді. "Жеке карантин" ережелерін саналы түрде үйренетін уақыт келді", - деп жазды министр.
Біртанов жұқтырудың алдын алу үшін қарапайым шараларды атап өтті:
- Мүмкіндігінше жұмыста, көлікте, көшеде, дүкенде және т.б. жерде бір-бірімізден қашықтықты сақтауымыз керек. Егер сіз офисте жұмыс істейтін қызметкер болсаңыз, онда қашықтан жұмыс істеңіз. Туыстар және достармен бейнебайланыс арқылы сөйлесіңіз;
- Қоғамдық орындарда маска тағыңыз;
- Қолды сабынмен кемінде 20 секунд бойы жуыңыз, қолды санитайзермен тазалаңыз;
- Отбасы мүшелерінің дене температурасын өлшеп тұрыңыз;
Аяулым ӘБІЛДА, "Адырна" ұлттық порталы.