Елімізде тағы бір адамнан коронавирус табылды

3220
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/200313211520987e.png

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам тіркелді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстанда 19 наурыз сағат 08.00-дегі жағдайға қатысты ақпарат таратты.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  –18 адам, жалпы 37 науқас тіркелді, – делінген.
Министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп:
"Коронавирус жұқтырған - 1979 жылғы Ресей азаматы. Алматыға 15 наурызда Мәскеуден келген. Қазір ол стационарда, жағдайы қанағаттанарлық, – деп хабарлады.  
Comments