Зинедин Зидан әлемдегі ең мықты бапкер кім екенін айтты

5045
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/02/204150_44d49bf901892101e2127a109f4daba3.jpg
Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан англиялық "Манчестер Ситиді" жаттықтыратын Хосеп Гвардиоланы әлемдегі ең мықты маман ретінде мойындады, - деп хабарлайды AS. "Ол мұны "Барселона", "Бавария" мен "Манчестер Ситиде" көрсете алды. Үздік бапкерлер көп, бірақ, меніңше ол ең мықтысы", - дейді Зидан. Айта кетейік, "Реал" мен "Сити" - Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы қарсыластар. Бірінші матч ақпанның 26-нан 27-не қараған түні Мадридте, ал қарымта - 17 наурыз Манчестерде.  
Comments