Биыл Қазақстанда UFC турнирі өтеді

3857
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/201131_9c626a5dd776304ffdf39204d10a7e1e.jpg
Биыл жазда елімізде аралас жекпе-жектен ең беделді ұйым UFC-дің турнирі өтеді. Бұл туралы Prospоrts.kz хабарлайды. 2020 жылдың жаз айларында Нұр-Сұлтан қаласында UFC ұйымы Fight Night турнирін өткізеді. Әзірге нақты қай жерде және қашан өтетіні белгісіз. Айта кетейік, UFC-мен Қазақстанның бір ғана спортшысының келісімшарты бар. Ол - Шавкат Рахманов. Жақын уақытта FNG чемпионы Жалғас Жұмағұлов та аталмыш ұйымға ауысады деген ақпарат бар.
Comments