15 маусымда таңғы сағат 09:19-да Алматы облысындағы Жіңішкесу – Шелек бағытындағы теміржол өткелінде Toyota Land Cruiser автокөлігі мен жүк пойызы соқтығысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға Жетіген – Алтынкөл теміржол учаскесінде орын алған. Адам шығыны тіркелген жоқ. Алайда көлік жүргізушісі қолынан жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілген.
Жүк пойызы апат салдарынан межелі жеріне 30 минутқа кешігіп жеткен. ҚТЖ мәліметінше, қызметкерлердің жедел әрекет етуінің арқасында қозғалыс уақтылы қалпына келтірілген.
Еске салсақ, 2025 жылғы 1 наурызда Атырау облысының Тендік станциясы маңындағы теміржол өткелінде КАМАЗ жүк көлігі жүк пойызымен соқтығысып, бірнеше адам зардап шеккен еді. Теміржол қозғалысы тек 2 наурыз күні қалпына келтірілген болатын.
Related news