16-18 маусым аралығында Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ал 17 маусым күні елордада Орталық Азия елдері басшыларының қатысуымен «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтеді.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, осы іс-шараларға байланысты елордада бірнеше көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
16-18 маусым аралығында Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел даңғылы, Қонаев көшесінің бір бөлігінде жол жабылады.
17 маусым күні қосымша Керей-Жәнібек хандар көшесі, Тәуелсіздік даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі.
Шектеулер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолдағы қолайсыздықтарды азайту мақсатында енгізіліп отыр.
Related news