ҚХР төрағасының сапары. Астанада бірнеше көшеде қозғалыс тоқтайды

1298
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/photo-output-21.jpeg
16-18 маусым аралығында Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ал 17 маусым күні елордада Орталық Азия елдері басшыларының қатысуымен «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтеді. Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, осы іс-шараларға байланысты елордада бірнеше көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. 16-18 маусым аралығында Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел даңғылы, Қонаев көшесінің бір бөлігінде жол жабылады. 17 маусым күні қосымша Керей-Жәнібек хандар көшесі, Тәуелсіздік даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі. Шектеулер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолдағы қолайсыздықтарды азайту мақсатында енгізіліп отыр.
Комментарии
Другие материалы