Өзбекстан мен Қырғызстан Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

1381
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/image-23.png
Өзбекстан мен Қырғызстанның сыртқы істер министрліктері Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Өзбекстан СІМ Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы адам шығынына әкелгенін атап өтті.
«Барлық тарапты әскери әрекеттерді дереу тоқтатуға және қақтығысты саяси-дипломатиялық жолмен шешуге шақырамыз», – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Ташкент жағдайдың одан әрі ушығуы өңірде ауқымды қақтығысқа әкеп соғуы мүмкін екенін айтып, Өзбекстанның аймақтық тұрақтылықты нығайтуға және шиеленісті азайту бойынша күш-жігерге жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті. Қырғызстан СІМ де Израиль мен Иран арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты алаңдаушылық білдірді.
«Бішкек тараптарды сабыр сақтауға және жағдайды ушықтыратын әрекеттерден бас тартып, бейбіт жолмен шешім іздеуге шақырады», – делінген мәлімдемеде.
13 маусымға қараған түні Израиль әскери-әуе күштері Иран аумағындағы ондаған нысанға, соның ішінде ядролық инфрақұрылымға, зымыран базаларына және әскери басқару пункттеріне ірі әуе соққы жасаған.
Comments