Алматыдағы ЮНЕСКО кеңсесі қазақтың ерекше ұлттық мұрасына қолдау көрсетіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп
2022 жылы ортеке ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген. Бұл тек би немесе ойыншық емес.
«Бүгінгі таңда әлем біртұтас бола бастағанда, әр ұлт өзінің ерекше мәдениетін сақтап қалуы өте маңызды. Орте́ке арқылы қазақ мәдениетінің үні естіледі. Бұл – өткен мен болашақты жалғайтын көпір», – дейді ЮНЕСКО өкілдері.Ортеке – домбырамен бірге билейтін кішкентай ағаш қуыршақ. Ол домбыраның үніне сәйкес қимылдап, көрерменге қызықты би көрсетеді. Сондай-ақ, Тараз қаласының тұрғыны Қазым Аманқосов осы өнерді қайта жаңғыртып, көпшілікке танытып жүр. Ол бұрын жоғалып бара жатқан ортекені тірілтіп, қайтадан сахнаға алып шыққан.
Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared