Шерзат ісі. Сотталушының анасы айыппұл арқалады

1799
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/sot-үkimimen-960x500.jpg?token=7900dcaf8c03cf28f724842aedd60914
Жетісу облыстық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы іс бойынша үкім жарияланған сәтте сот залында кезекті жанжал орын алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 20 жылға бас бостандығынан айырылған Равиль Сакиевтің анасы эмоциясын ұстай алмай, сот тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Сот үкімі оқылған кезде Сакиевтің анасы айғайлап, журналистерге тіл тигізіп, залда тәртіпсіздік туғызған. Осы әрекеті үшін сот оған айыппұл салу туралы шешім шығарды. Бұл оқиғаға байланысты Жетісу облыстық Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, сот шешіміне құрметпен қарау қажеттігін ескертті. «Полиция департаменті әділдікке қысым көрсетуге жол жоқ екенін және сот шешімінің орындалуына кедергі келтіретін кез келген әрекет заң аясында қатаң тоқтатылатынын мәлімдейді. “Жазаның орындалмауы мүмкін емес” деген қағида сақталады», – делінген хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша 9 адам түрлі мерзімге сотталған еді. Солардың бірі — Равиль Сакиев. Үкім жарияланған күні сот залында бірнеше мәрте жанжал шыққаны хабарланған.
Comments