Тоқаев Оңтүстік Кореяның жаңа президентін құттықтады

1109
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/photo_2025-06-04_21-10-14-960x500.jpg?token=6a40aee79053ba1429c582a07e90e527

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёнды Корея Республикасының президенті болып сайлануымен  құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жандандыру және өзара тиімді ынтымақтастықты түрлі салаларда одан әрі нығайту үшін күш салуға дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёнға жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал достас корей халқына амандық пен өркендеу тіледі.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяда жаңа президент сайланғаны хабарланған болатын.

Жаңа президент болып оппозициялық біріккен демократиялық партиясының кандидаты Ли Чжэ Мён сайланды. Ол 49,42% дауыс жинаған. Оның қарсыласы консервативті кандидат Ким Мун Су 41,15% дауысқа ие болған.

Comments