Ақтөбеде газ жарылысы болып, бір адам қаза тапты

844
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/gaz-zharyldy-960x500.jpeg?token=a30e410baf1b7dd27d78843e070573fb

Ақтөбеде Абай даңғылы бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында жарылыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа тұрмыстық газ себеп болған.

Жарылыстан кейін үшінші мен төртінші қабаттың арасындағы аралық қабырға құлаған.

«Жарылыстың салдарынан шамамен 40 шаршы метр аумақта өрт шықты», – деп мәлімдеді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілген. 73 адам эвакуацияланып, жатақханаға орналастырылады. Төтенше жағдай салдарынан бір адам қаза тапқан.

Полиция бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 292-бабы 2-бөлігі – «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қазіргі уақытта тұрғын үйдің тұруға жарамдылығы тексеріліп жатыр. Себебі төртінші қабаттағы плита үшінші қабатқа құлаған. Бұл тұрғындар үшін қауіп бар екенін білдіреді. Сондықтан төменгі қабаттардағы тұрғындар да уақытша жатақханаға көшіріледі», - деді қала әкімі Азамат Бекет.

Comments