Қазақ болмысының ренессансы

1919
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/photo-output-37-960x500.jpeg?token=7e78e873a9e74da2928f974a5141f130
Желіде "Құнанбайдың қателігі" тақырыбы сөз болып жатыр екен... Философты қызықтыратын-ақ сұрақ бұл... Ойлана келе мынадай ой түйдім: - Жаңашылдықты қайдан іздеуді білмей жанталасқан тұлға бейнесі осы ма деймін... Ол үшін кімді кіналай аламыз? Оған жөн сілтер адам табылар ма еді сол маңайдан, сол кезде? Бұл - сол заманда заман көшінен қала бастаған қазақ халқының шаруашылық тәсілі - көшпенді мал шаруашылығы тудырған күрделі қайшылықтардың және оның ескіргенінің ұшқыны десек болады... Алайда, ол шаруашылық тәсілі нағыз рыцарларды өсіретін табиғи-рухани күшке ие еді. Сондықтан, өмір сүру қалыбын экономикалық өзгеріс жасай отырып, қазақтар өзінің ұлттық тәрбие жүйесін сақтауға мейлінше ұмтылуы керек еді. Алайда осыны ұсынарлық көсем шыға қоймады өз уақытында. Сол себепті, байлар мен оған деңгей тұлғалар өзгелер әкеліп жатқан дінін және өзгелердің шаруашылық жетістігін мақтан етіп, өз тәрбие жүйесін сынауға көшті... (Оның лебі Абайға да жұққан). Сөйтіп, өмірге Ұлы революционерлерді әкеле алатындай қазақ ұлттық тәрбие жүйесі де тамырынан сола бастады... Сөйтіп, потенциялы өте мықты бұл тәрбие жүйесі мүлдем жойылып кетпей, ілініп-салынып қазіргі заманға жетті, әйтеуір... Бұл заманда ғылым шарықтап дамыды. Сол ғылым "қазақ тәрбие жүйесінің" өте мықты адами потенциялы жоғары екенін байқап, оны өзіне "ғылыми жаңалықтар" ретінде қайтадан енгізіп жатыр... Мәселен, бүгінгі Еуропада біздің ғалымдардың "тәңіршілік" туралы жазғандарына тамсана қарайтын болды. Себебі, Құрманғазы күйлерінде қандай ЕРКІН РУХ бар болса, Тәңірлік санада сол - Адами Еркін Рух бар екенін мәдениетті еуропалықтар бірден байқап, таң қалуда... Бүгінгі әлем, бүгінгі заман - технологиялық секіріс болса, ал бұл Әлемнің, бұл Заманның адамы - көне көшпенді серілеріндей, яғни - рыцарларындай болса деген арман қайта пайда болды! Міне, бұл заманның ұмтылысы осы! Қазақ қоғамы, өкінішке орай, өзінің осы потенциялын өзі қабылдамай жатыр... Құлдық қамытын шешу - оған қиын болып жатыр. Одан ажыраса жалаңаш қалардай қорқады. Енді, қазақтың жанын тек "технологиялық секіріс" пен "ұлттық мемлекетін күшейту" ғана құтқара алады... Ғылым мен білім соның ішінде. Ал, Ұлттық дүниетаным мен тәрбие - перде арасында жасырын сығалап тұр. Енді тек пердені сыпырып, қазақтың таза болмысын ашу ғана күтіп тұр бізді! Бүгінгі бір тамшы ойым осы...

Әбдірашит Бәкірұлы, философ

Comments
Other materials