Ақнәр ісі. Қоғам резонансынан кейін полиция алғаш рет ресми мәлімдеме жасады

1966
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/8137940d-085b-4611-92a3-9780bfc59bf4-960x500.jpeg?token=5cd8bcc768a707c0c6042869888ab348

Көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап, қайтыс болған Ақнәр Гүлстанның өліміне байланысты Алматы қаласының полиция департаменті алғаш рет ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды

Күні кеше ғана Ақнәр Гүлстанның анасы Қамит Гүлстан тергеудің созылып кеткеніне наразы болып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдаған болатын. Одан кейін полиция бұл іс бойынша алғаш рет ресми мәлімдеме жасады.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға болғанына 10 ай өтсе де, тергеу жалғасып жатыр. Тергеушілер куәлардан жауап алып, оқиға орнындағы бейнебақылау жазбаларын қарап, материалдарды жинап, сараптап жатыр.

“Істі жүргізу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. Қайтыс болған бойжеткеннің жақындарының қайғысына ортақпыз. Қажетті тергеу әрекеттері толық аяқталып, барлық сараптама нәтижесі қолымызға тигеннен кейін ғана процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген Алматы қалалық полициясының ресми түсініктемесінде.

Еске салсақ, 2024 жылы 20 шілдеде Алматыда 22 жастағы студент Ақнәр Гүлстан көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап, көз жұмған. Тергеу бұл оқиғаны бастапқыда “суицид” ретінде тіркеген. Алайда марқұмның туыстары Ақнәрдің өліміне дейін қатыгездікпен азапталғанын және оны терезеден көршілері лақтырып жібергеніне сенімді.

Comments