Шерзат ісі. Сотталушылардың бұған дейін де сотты болғаны айтылды

1987
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/img_8753-960x500.jpeg?token=26885d4b51b156422d1574192017854b

Талғарда төбелес кезінде қаза болған 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты сотта сотталушылардан жауап алу жалғасып жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

16 мамырдағы процесте айыпталушы Азамат Тоқтаубаевтың бұған дейін сотты болғаны айтылды.

“2023 жылы 4 желтоқсан күні мені күдікті деп танып, 106-баптың 1-тармағымен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) маған екі ай санкция берген. Мені уақытша ұстау изоляторына, Талдықорған қаласының N71 мекемесіне жапты”, – деді Тоқтаубаев сотта прокурорға берген жауабында. 

Азамат Тоқтаубаев ақпанда ғана тергеу изоляторынан үй қамаққа шыққан. Өзінің айтуынша, тағылған айып 106-баптың 1-тармағынан 2-тармағына ауыстырылған. 

Шерзат Полаттың өліміне қатысты істе Азамат Тоқтаубаевқа  ҚК 293-(Бұзақылық) және 188-баптары (Ұрлық) бойынша айып тағылған. 

Comments