Cоңғы қоңыраудан соң. Қазақстанда ҰБТ тапсыру мерзімі өзгертілді

1827
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/a48ca919-c00d-4aba-85d4-d3f16560328e-960x500.jpeg?token=40340a660b2d4ff7abb821930c1d0525

Қазақстанда соңғы қоңырау күнінің өзгеруіне байланысты ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) күндері де ауыстырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) мәлімдеді.

ҰТО мәліметінше, 23 және 24 мамырға жоспарланған тестілеу күндері жаңартылған:

23 мамырға өтініш берген талапкерлер енді ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады.

24 мамырға өтініш берген талапкерлер тестілеуді 1 маусымда тапсырады.

Жаңа тестілеу күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетте автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар, талапкерлерге SMS-хабарлама жіберіледі.

ҰБТ-ға дайындалып жатқан талапкерлер үшін бұл өзгеріс маңызды. Сондықтан жеке кабинеттерін жиі тексеріп, тестілеу күні мен уақытына ерекше назар аудару қажет.

Comments