13 мамыр күні Париж соты 76 жастағы француз актері Жерар Депардьеге 2021 жылы түсірілім алаңында екі әйелге сексуалдық зорлық жасағаны үшін 18 ай шартты жаза тағайындады. Сот сонымен қатар оның есімін сексуалдық қылмыс жасағандар тізіміне енгізіп, психолог емін қабылдауға міндеттеді. Бұл туралы DW жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Үкім Депардьенің қатысуынсыз жарияланды.
Прокуратура наурыз айының соңында дәл осындай жаза сұрап, 20 мың еуро айыппұл салуды және жәбірленушілерге өтемақы төлеуді талап еткен. Сонымен бірге оны екі жылға сайлауға түсу құқығынан айыруды да сұраған.
Үкім шыққаннан кейін Депардьенің адвокаты сот шешіміне шағым түсіретінін мәлімдеді. Актер өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.
Айта кптсек, сот процесі 24 наурызда басталған. Актердің адвокаты Жереми Ассу айыптауларды жалған деп атап, Депардьенің жүрегіне ота жасалғанын және оның қант диабетімен ауыратынын айтқан.
Сот тағайындаған медициналық сарапшы актердің сотқа қатысуына денсаулығы жарамды екенін растады, бірақ тыңдаулар 6 сағаттан аспауы, әр 15 минут сайын үзіліс және түскі ас қарастырылуы керек екенін айтқан.
Іс 2021 жылы түсірілген «Жасыл жапқыштар» фильмі кезінде болған жағдайға байланысты қозғалған. 54 жастағы декоратор мен 34 жастағы режиссердің көмекшісі Депардьені орынсыз сөздер айтып, оларға тиіскен деп айыптады. Актердің әйелдердің кеудесі мен дене мүшелеріне рұқсатсыз қол тигізгені айтылды.
Олар 2024 жылдың басында актерге қарсы сотқа шағым түсірген.
If you approach the production, they will organize pressure from Russia in various ways - Abzal Kuspan