Қырғызстандағы мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілді

1989
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/23897_large-960x500.png?token=69fe71fa6a5536bc45f9c8e1613daee1

Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназияға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі – Кемел Тоқаевтың есімі берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов хабарлады.

Оның айтуынша, қазақ жазушысы, қазақ прозасындағы детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың есімін мектепке беру бастамасын Садыр Жапаров көтерген.

Алагозовтың мәліметінше, Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде бұл жаңалықты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бөліскен.

Соғыс жылдары №33 мектеп Фрунзе жаяу әскер әскери училищесі болған. Қазақстан Президентінің әкесі дәл осы оқу орнын  тәмамдап, майданға аттанған.

Бұған дейін Қазақстан Президенті №33 мектепке оқушыларға арналған автобус тарту еткен болатын.

Еске сала кетейік, 9 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыс еткен болатын. 

Comments